Көрме жұмысының 182 күнінде 192 елдің экспозициялары техника, ғылым және өнер саласындағы жетістіктер мен инновацияларды көрсетеді. Оған 25 млн адам келеді деп күтілуде. Дубай билігі бұл шараға шамамен 7 миллиард доллар жұмсаған.
Барлық елдің азаматтары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған COVID-19 вакциналарының бірімен толық егілген жағдайда Біріккен Араб Әмірліктеріне бара алады.
Көрмеге 18 жастан асқан және вакцинаны растайтын құжаты немесе ПТР тестінің теріс нәтижесі бар адам кіреді.