Аймақтар • 01 Қазан, 2021

Баласын 38 рет пышақтаған әйел сотталды

757 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда сәбиіне 38 пышақ жарақатын салған әйел сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баласын 38 рет пышақтаған әйел сотталды

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сот процесі мамандандырылған медициналық мекемеде емделіп жатқан айыпталушысыз өтуде.

Сот процесінде 41 жастағы әйелдің жолдасы куәлік етті. Оның айтуынша, балаға әйелінің тарапынан зиян келтіру әрекеттері бұрыннан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келген. Қылмыс жасаған күні ол үйде болмаған.

«Айыпталушы Байкиева баланың жылауын тоқтатпайды және тынышталмайды деп ашуланып, ас үй пышағымен баланың кеудесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған. Бала алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды», деді мемлекеттік айыптаушы Нұрболат Әбілов.

Қазіргі уақытта сот тыңдаулары жалғасуда.