Тағайындау • 01 Қазан, 2021

Атырауда мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

320 рет көрсетілді

Нұралхан Көшеров Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz аймақтық «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.

Ол 1984 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. 

Сонымен қатар Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Ресей халық шаруашылығы академиясының дипломдары бар. 

Еңбек жолын салық органдарында 2008 жылы бастаған. 2009-2011 жылдары Қаржы министрлігі салық комитетінде талдаушы, Астана қаласы салық департаментінде заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 

2011-2014 жылдары - Астана қаласы Есіл ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдары - осы бөлімнің бастығы, 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін ол Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарып келген.

Соңғы жаңалықтар

ПИК пен МИБ-тің «шайқасы»

Қазақстан • Кеше

Көлікқұмарларға арналды

Экономика • Кеше

Қымбат ем-дом қолжетімді

Медицина • Кеше

Өлке тәжі – Өлеңті

Аймақтар • Кеше

Ақшоқыда арқар атқан...

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар