Аймақтар • 01 Қазан, 2021

Өскеменде жаңартылған әуежай қайта ашылды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүргізілген әуежай қайта ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде жаңартылған әуежай қайта ашылды

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, соңғы 5 ай бойы жабық тұрған Өскемен әуежайы 1 қазанда өз жұмысын бастады. Таңертеңнен әуежайдан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына ұшақтар ұшты.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұшу-қону жолағы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ жолақты ұзарту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілген.

«Мердігерлер ұшу-қону жолағындағы асфальтбетон жамылғысын толығымен ауыстырып, оны біршама ұлғайтты. Енді ұзындығы 2800 метр, ені 60 метрді құрайды. Мұндай параметрлер әуежайға ірі халықаралық рейстерді қабылдауға мүмкіндік береді. Ұшу-қону жолағын жарықтандыратын жабдықтардың жаңа заманауи жүйесінің орнатылуы да аса маңызды болып отыр»,  деді «Өскемен әуежайы» АҚ президенті Николай Короленко.

Оның айтуынша, әуе айлағында мұндай ауқымды жұмыстар соңғы рет 1996 жылы жүргізілген.