Оқиға • 01 Қазан, 2021

Депутаттың баласына халықаралық іздеу жарияланды

1447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Самат Ибраевтың ұлы - Данияр Ибраев аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде. Бұл туралы Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Депутаттың баласына халықаралық іздеу жарияланды

Бішкек полиция бөлімі Данияр Ибраевқа қатысты қылмыстық істің жабылмағанын және әлі де тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Ибраев мемлекетаралық іздеуде. Іс материалдары күдіктіні экстрадициялаумен айналысатын Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасына берілді. Себебі ол Болгарияда ұсталған. Ендігі мәселе елге алдырту. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бішкек полициясы «Строймир» серіктестігінің 1992 жылы туған бас директоры Данияр Саматбекұлы Ибраевтың «2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылға дейін құрылыс арматурасын жеткіземіз» деп жеті адамнан ақша алып кеткенін хабарлаған болатын. Шығынның жалпы сомасы 507 миллион 352 мың 49 сом болды. 

2019 жылдың 24 желтоқсанында Данияр Ибраев сырттай алаяқтық жасады деген күдікке алынды. Сол күні Бішкектің Свердлов аудандық соты сырттай бұлтартпау шарасын тағайындады. 2019 жылдың 26 ​​желтоқсанында оған Интерполды қосқанда халықаралық іздеу жарияланды. 2020 жылдың 28 ақпанында ол Софияда (Болгария) ұсталды. Іздеуде жүрген адамды Қырғызстанға экстрадициялау процесі басталды.