Аймақтар • 01 Қазан, 2021

Қызметкерлерінен пара алған аурухана басшысы ұсталды

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы аурухана директоры қызметкерлерінен пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызметкерлерінен пара алған аурухана басшысы ұсталды

Дәрігерлер басшылық коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу үшін мемлекеттен ынталандыру төлемдерін алуға мүмкіндік бергені үшін ақша ұсынып отырған.

«Коронавирус инфекциясы анықталған науқастарға медициналық көмек көрсетуге қатысатын қызметкерлерге төленетін ынталандыру үстемелері үшін пара берілді», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Қазіргі уақытта аурухана директоры уақытша ұстау изоляторына қамалды.