Спорт • 03 Қазан, 2021

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Польшада күміс жүлде еншіледі

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Михаил Шайдаров ISU Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Польшада күміс жүлде еншіледі

Польшаның Гданськ қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында ISU Гран-при кезеңі мәресіне жетті. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Михаил Шайдаров 207.3 ұпайын еншіледі. Бұл көрсеткіш отандасымызға жалпы жарыс кестесінде екінші бағаннан көрінуге мүмкінді берді. 

Ресейлік Глеб Лутфиллин (231.26) ISU Junior Grand Prix кезеңі саналған Baltic Cup 2021 додасының жеңімпазы болды. Ал оның командасы Егор Рухин (202.28) үздік үштікті қорытындылады.