Ауа райы • 04 Қазан, 2021

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 4 қазанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, онда тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, түнгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі, республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын бақыланады.

Қазақстанның батыс жартысы антициклон жотасының әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын жүруі мүмкін, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.