![Португалия футзалдан әлемдегі ең үздік команда атанды](/media/2021/10/04/2021100409275820307_244407404_466111267881847_48633083066572.jpg)
Фото: instagram.com/fifaworldcup
Финалда Португалия мен Аргентина құрамасы кездесті. Португалдықтардың жолы болды, олар өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды. Шешуші кездесуде еуропалықтар оңтүстік америкалықтарды 2:1 есебімен ұтты.
3-орын үшін кездесуде Бразилия Қазақстанды 4:2 есебімен ұтты.
Әлемнің бес дүркін чемпионы бразилиялықтар өз тарихында екінші рет қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан футзал құрамасы да алғаш рет Әлем чемпионатында 4-орынға қол жеткізді.