Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ жедел бөлімшелерінің қызметкерлері арасындағы «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Байқауға ел аумағы бойынша криминалдық полиция бөлімшелерінің 18 «Үздік жедел қызметкері» қатысқан.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.