08 Ақпан, 2014

Озық технологияға сүйенген ұтар

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстанның қиыр шетінде жатсақ та, көңіліміз сергек, құлағымыз түрік. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы игі мақсаттарға жетелеуімен тәнті етті. Тарихи құжатта «Мәңгілік Ел» ұлт­тық идеясы жария етіліп, дамыған 30 ел­дің қатарына кірудің ұзақмерзімді 7 стратегиялық басымдығы белгіленді. Қай-қайсысы болсын ауқымдылығымен, жаңа­шылдығымен ерекшеленеді. Өзім көп жылдан бері ауыл ­ша­­руа­­шы­лығы саласында еңбек етіп ке­ле­­мін. Әркез нақты практикалық бағдар­­ла­­ма­ларды жүзеге асыруда мемле­кеттің қол­дауына ие болып жүрміз. Тек биыл­дың өзінде бірқатар қаржылық жеңіл­дік­тер алдық. Дәстүрлі Жолдауда ауыл адамдары үшін дәстүрлі сала болып сана­латын агроөнеркәсіп кешенін инно­вациялық бағытпен дамыту жол­дарының күн тәртібіне қойылуы кез­дейсоқ емес. Өйткені, әлемде азық-түлік­ке деген сұраныс өсіп келеді. Оның тапшы­лығын болдырмаудың бірден-бір жолы – жаңа технологияларға сүйену, өнім­ділікті үздіксіз арттыру. Бір сөзбен айт­қанда, алдымызда ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерге алданып қалмай, өндіріс өсімін өсіру міндеттері тұр. Жер-Ана да мәпелегенді, күткенді сүйе­ді. Мұны жермен жұмыс істейтіндер жақ­сы білсе керек. Агрохимикаттарды тиім­ді тұтыну, қуаң жерлерде топырақты нөл­дік өңдеу, заманауи техникалар пар­кін көбейту секілді кешенді шараларды тәжірибеге айналдырудың маңызы зор. Елбасы тағы да Қазақстанды ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңір­лік ірі елге айналдыру, майлы және азықтық өнімдерді көптеп өсіру талабын қойды. Біз соңғы жылдары осы бағытқа шындап бет бұруды ойластырып, етті ірі қара малын көбейтуді қолға алып отырмыз. Фермерлерді ұзақмерзімді қаржыландыру бұған жағдай жасауда. Алда тұрған міндеттер нақты, игі мақсатымыз айқын. Ол – Елбасы атап өткендей, күшті, қуатты мемлекет құру, барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Сонымен бірге, барша қазақстандықтарды «2050» Стра­тегиясының мақсатына жету жөніндегі жұ­мысқа белсене қатысуға шақырды. Мұн­дай үндеуге біз әрқашан дайынбыз. Елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын жерде ортақ парыз­ға, абыройлы міндетке үн қосу әркімнің азаматтық парызы болса керек. Мұхамеджан ЛҰҚПАНОВ, «Лұқпанов» ЖШС директоры. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы.