Тағайындау • 04 Қазан, 2021

БҚО Жаңақала ауданына жаңа әкім тағайындалды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Жаңақала ауданының әкімі қызметіне Дархан Закарин тағайындалды, деп жазады Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО Жаңақала ауданына жаңа әкім тағайындалды

Дархан Әмірханұлы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін агроном және мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «Пятимар» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының бас агрономы, Жаңақала аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, «Коммунал» мекемесінің директоры, Жаңақала ауылдық округінің әкімі, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары болды. Күні бүгінге дейін Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.