08 Ақпан, 2014

Сыртқы нарық – басты ықпалдастық

712 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
x_8787ed6aПетропавл құрылыс материалдары зауыты 2007 жылдан бері ресейлік кәсіпорындармен тығыз экономикалық қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Соған орай шетелдік әріптестеріміз тарапынан құрылыс индустриясының нарық талаптарына жауап бере­тін құрылыс өнімдері мен бұйым­дарына деген сұраныстың өскені байқалады. Жаңа технологияларды енгізу, құрылыс материалдары­ның тиімді және экологиялық таза заманауи үлгілерін шығару екі жаққа да өте тиімді екені байқалып, біріккен кәсіпорын құру ынтымағына және интеграциялық үдерістердің дамуына кең жол ашылды. Құрылыс материалдары на­ры­ғындағы сұранысты саралай отырып, зауыт су қысымына шыдамды полиэтилен құбырларын, «Монтеррей» және «Каскад» металл жабындыларын, профилен төсенділерін, сэндвич-панельдерін де шығара бастады. Тапсырыс беруші тарап полиэтилен құбырларын көптеген себептер бойынша таңдайды. Солардың ішінде бастысы – олардың ұзақ мерзімде пайдаланылуы, суық сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі кепілді қызмет мерзімінің 50 жылдан кем еместігі. Полиэтиленнен жасалған құбыр түрлі көлемдегі қосындылар түрінде ауыз суға қосылатын хлорға және қыш­қыл­дарға төзімді. Өткізу қабі­лет­тілігі пайдаланылған кезде құбыр бойынша су айдауға кететін қуат шығындарын 5-8 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Металл жабындыларының басты артықшылығы ретінде олардың дәстүрлі өсімдердің барлық артықшылығына ие бола отырып, анағұрлым сәнді көрінетінін, ал жинауының өте қа­ра­пайым­дылығын, металл жабындылар құрыл­ғы­ла­рының жеңілдігін, пайда­ла­нуға қолайлылығы мен қара­па­йымдылығын шекаралық аймақтарда орналасқан Түмен, Омбы, Қорған облыстарының кәсіпкерлері жоғары бағалап отыр. Шынында да, профилен төсенді – әмбебап материал, ол белдік құрылғылардың үстін жабу үшін қалай қолданылса, тұрғын үйлер, өндірістік және тұрмыстық ғимараттар құрылыстары кезінде қабырғалар мен төбелерді жабуға да әбден ыңғайлы. Сэндвич-панельдер тұрғын үйлердегі сияқты, өнеркәсіптік құрылыста да үлкен сұранысқа ие. Оның теп-тегіс беті қосымша өңдеуді талап етпейді, сэндвич-панельдердің ылғал тартқыштығы төмен және жақсы жылу сақтағыш қасиеті бар. Сондықтан ол, тіпті, қиыр солтүстік өңірлерде құрылыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бірден боялып шығарылатындықтан, ғимараттың әрлеп-сырлау жұмыс­тарының құны да біршама төмен. Төрт жылдан бері құрылымдық жылу сақтағыш панельдер өнді­рісін сериялап шығаруды ұйым­дастырып келеміз. Бұл тәжі­ри­бемізге де алыс-жақын шетел­дердегі әріптестеріміз ерекше қызығушылық танытты. Сірә, тұрғын үйлер және же­ңіл ком­­мерциялық ғимарат­тар қабыр­ғаларының тез тұрғы­зы­латыны, майысқыш беріктік шегі көрсеткіштері бойынша құ­­ры­лымдық тұтастығының құрылыстық ағаштан салынған стандартты үйден анағұрлым асып түсетін артықшылықтары назарларын аударса керек. 2010 жылдан бері жеті жоба пайдалануға беріліп, жерасты және жерүсті болат, полиэтилен құбырлар тарту технологиялары жетіле түсті. IMG_9708Бүгінде кәсіпорында әр­түр­лі құ­рылыс материалдарын шыға­ратын он сегіз техно­­ло­­гиялық желі орнатылып, сапа менеджменті жүйесі бойынша жұмыс істейді. Мұның өзі коттедждік құрылыстар, жылдам тұрғызылатын ғимараттар және арнайы ғимараттар үшін құрылыс материалдарына қойылатын ерекше талаптарды сақтауға көмек­теседі. Шығарылатын өнім­дерге тұтынушылардың жоғары қызы­ғушылығы мен сұранысына әртүрлі байқауларда жеңіп алған сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар айғақ бола алады. Олардың ішінде «Алтын ягуар» халықара­лық сыйлығына ие болғанымыз­ды айтсақ та жеткілікті. Жетекші өнеркәсіпшілерден, бизнесмендерден, бюджет қызметкерлерінен, журналистерден құралған іскер топтар ассамблеясы зауыттың шаруашылық-ауыз суымен қамтамасыз ететін қысымға шыдамды полиэтилен құбырларына «Жоғары сынамақ» сапа белгісін берді. Сапаны арттыру және өнім түрлерін көбейту – Елбасымыздың биылғы Жолдауында қойылған басты талаптардың бірі. Еңбек­керлеріміз тренингтер мен семи­нар­ларға жүйелі қатысады. Олар­дың тәжірибелерін жетіл­діру, біліктілігін арттыру ұдайы назарымызда. Шетелдік әріп­­тес­терімізден де үйренеріміз көп. Елімізде құрылыс индустриясы өркендеп, қанат жайып келеді. Біз өнімдерімізді ішкі нарықпен шектелмей, осы заманғы бәсекеге ыңғайлана отырып алыс-жақын шетелдерге жөнелтуді мақсат етіп отырмыз. Бұл орайда, ресейліктер негізгі тұтынушылар болып табылады. Бүгінде сыртқы нарыққа бағдарланған әртүрлі маркалы по­лиэтилен құбырлары Ресей Фе­дерациясының Қорған, Омбы және Новосібір облыстарына жө­нелтілуде. Александр КОНДРАТОВ, «Петропавл құрылыс материал­дары зауыты» ЖШС-нің бас директоры. Солтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар