Қоғам • 04 Қазан, 2021

А.Балаева Еуропалық Одақтың арнайы өкілдерімен кездесті

69 рет көрсетілді

Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Еуропалық Одақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Эндрю Гилмормен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуге сондай-ақ, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакала, ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускас, Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің Орталық Азия бойынша басқармасының басшысы Дитмарос Крисслер, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Лима Диас және т. б. қатысты.

Қонақтар Қазақстанның Азаматтық альянсы мен Ұлттық еріктілер желісі орналасқан АБҚО жаңа офисімен танысты. Мұнда кез келген адам қандай гранттар жүзеге асырылып жатқаны жөнінде, түрлі конкурстарға қалай қатысуға болатыны туралы тегін кеңестер ала алады.

«Бұл азаматтық қоғамды дамытудың нағыз орталығы деп айтуға болады. Кез келген ҮЕҰ өкілдері немесе азаматтық бастама танытқан азаматтар әрдайым осында келіп, оны қызықтыратын азаматтық саланың барлық мәселелері бойынша толыққанды кеңес ала алады», деп атап өтті А.Балаева.

Министр Э.Гилморға азаматтық қоғамның заңнамалық базасын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Өз кезегінде Еуропалық тарап өңірлік қауіпсіздікті дамыту бойынша бірлескен күш-жігерді арттырудың маңыздылығын атап өтіп, екі тараптың әлеуетін дамытуда өзара жәрдемдесуге ниет білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әріптестік негізде сындарлы ынтымақтастыққа екеуара қызығушылық танытты.

Айта кетейік, кездесу Эндрю Гилмордың Қазақстанға сапары аясында өтті. Сапар бағдарламасында  ЕО-ОА азаматтық форумына қатысу және Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының мемлекеттік органдары басшыларымен кездесу де бар.

Соңғы жаңалықтар

Ширек финалда ұтылды

Теннис • Бүгін, 08:39

Даярлықтарын пысықтады

Хоккей • Бүгін, 08:37

Әзірге бесінші орындамыз

Спорт • Бүгін, 08:30

Он жылға сотталды

Қоғам • Бүгін, 08:25

41 жобаға – 11,2 млрд теңге

Аймақтар • Бүгін, 08:20

732,5 млрд теңге тартылады

Аймақтар • Бүгін, 08:15

Әскерилер шеберлік сынасады

Қазақстан • Бүгін, 08:10

«Айқайдың» астары

Өнер • Кеше

Байрон ұйығы

Әдебиет • Кеше

Күн гүлі

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар