Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұғалімдерге деген көзқарас та, құрмет те артып келеді. Жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңда педагогтердің жалақысын көтеру ғана емес, сонымен қатар оларды әртүрлі қоғамдық жұмыстарға жұмсамау, қағазбастылықтан арылту және мамандыққа қойылатын талаптарды күшейту мәселесі де қаралған.

Нақты қабілеті бар, білімі жоғары жастардың мұғалім мамандығына бет бұруына жағдай жасау назарға алынуда. Бұрын ҰБТ тапсырған оқушылардың ішінде төмен балл жинаған оқушылар мұғалім мамандығына түсіп кететін еді. Ал бүгінде, керісінше, «Алтын белгі» иегері атанған жастардың басым бөлігі мұғалім мамандығын таңдауда. Бұл нені білдіреді? Мемлекеттің маңызды салаларының ішінде басқа мамандыққа қарағанда мұғалім мамандығының маңызды екенін түсініп келе жатқанымыздың бір белгісі деп айта аламын.
Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көптеген өзгеріс бар. Бұрын оқушы баға үшін оқитын болса, қазір оқушы білім үшін оқу керектігін түсініп келе жатыр. Себебі бүгінде оқу барысында балаға нақты дескриптор беріледі. Сол дескриптор шеңберінде бағалау критерийлері ұсынылады. Осыған сәйкес оқушы өз білімінің нақты қай деңгейде тұрғанын анықтай алады. Бұл арқылы оқушылар арасында қарама-қайшы пікірлер туындамайды. Сондай-ақ сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылады. Мысалы, диалогтік оқыту әдісі, Джигсо әдісі, фишбоун әдісі және рөлдік әдістерді айтуға болады.
Өзім елордадағы Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектепте 10 жыл көлемінде ұстаздық етіп келемін. Осы уақыт аралығында біраз оқушым олимпиада, ғылыми жоба сайыстарында, ғылыми-практикалық конференцияларда, әртүрлі байқауларда жеңімпаз атанды. Мен сабақта визуалды деректерді кеңінен қолданамын. Өйткені оқушы кітаптағы мәтін түріндегі ақпараттарды оқуы мүмкін, бірақ оны тез ұмытып қалады. Сол мәтін түріндегі ақпараттарды аудио, бейнеграфика, диаграмма, анимация түрінде жеткізуге тырысамын. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал етеді.
Қазір Білім және ғылым министрлігі жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр. Оның бірі – «Цифрлы мұғалім» жобасы. Бұл арқылы цифрлы технологияны қолданып, Қазақстан бойынша білікті ұстаздар көптеген мектептің оқушыларын бірлестіре отырып, сабақ беруге мүмкіндік алады. Болашақта оқушы мұғалімді таңдау дәрежесіне жетуіміз керек. Бұл мұғалімдер арасында да бәсекелестікті арттырып, сапалы білім беруге жағдай туғызады.
2020-2021 оқу жылында «Хабар» телеарнасының қолдауымен түсірілген «Теле-сабақ» жобасына жыл бойы қатысып, «Балапан» телеарнасынан 120-дан аса сабақ бердім. Менің сабақтарым республика көлемінде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқушыларға көрсетілді. Дәл осындай тәжірибе көрсетіп жатқаныма қуанамын және еліміздің білім беру саласын дамыту жолында аянбай еңбек етуге, бар білгенімді болашақ ұрпаққа үйретуге тырысамын.
«Үздік педагог-2021» байқауына қатысып, қала көлемінде және республика көлемінде жеңімпаз атанып, осынау атаққа ие болдым. Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталдым.
Сарвар КУЛМЕТОВ,
Мәшһүр Жүсіп атындағы
№57 орта мектептің география пәнінің мұғалімі
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Ұқсас жаңалықтар