Әлем • 05 Қазан, 2021

ММА файтері нокауттан кейін көз жұмды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен америкалық Джастин Торнтон 38 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ММА файтері нокауттан кейін көз жұмды

Файтердің өліміне жалаң жұдырықпен төбелестен Bare Knuckle FC турнирінде алған жарақаттар себеп болған. Бұл турнир биыл 20 тамыз АҚШ-тың Миссисипи қаласында өткен еді. Торнтонды бұл кеште қарсыласы Диллон Клеклер 19-секундта нокаутқа түсіреді.

Джастинді бірден ауруханаға алып кеткен болатын. Спортшының кей мүшелері сал болып, ауруханада бірнеше апта жатқан. Ол мұның алдында омыртқа жұлынының жарақатынан пайда болған инфекциядан емделіп жүрген екен. Торнтон ММА-де алты рет жеңіп, 14 рет есе жіберген.