Президент • 05 Қазан, 2021

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін құттықтады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің қазақ-тәжік арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады.

Эмомали Рахмон Душанбеде өткен ҰҚШҰ мен ШЫҰ саммиттеріне белсенді атсалысып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Тараптар жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты сақтауды және халықаралық ұйымдар аясында өтетін алдағы кездесулердің кестесін талқылады.