Елорда тұрғындары полицияға арызданып, компания басшылығы алдау мен сенімге қиянат жасау арқылы өз қаражаттарын иемденіп алғанын айтқан.
«28 жастағы серіктестік директоры автокөлік сатамын деген желеумен азаматтармен келісімшарт жасасқан, бірақ жеме-жемге келгенде арадағы келісімді орындамаған. Сонымен қатар күдікті сату-сатып алу келісімшарттарын жасау арқылы азаматтардың көліктерін иемденген, бірақ ақшасын төлемеген. Кейіннен көлік үшінші тұлғаларға сатылып кете барған. Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.
Nur-AvtoKz ЖШС директоры тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.