Әлем • 05 Қазан, 2021

Австралия туристерді 2022 жылдан бастап қабылдайды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австралия шетелдік туристерді тек келесі жылдан бастап қабылдайды. Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Скотт Моррисон мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Австралия туристерді 2022 жылдан бастап қабылдайды

Үкімет осы уақытқа дейін ел ішінде халықтың 80 процентін вакциналауды жоспарлап отыр. Ал биыл жыл соңына дейін білікті мигранттар мен студенттерді қабылдауға басымдық бермекші. 

Австралияда былтыр наурыз айында індет таралғалы шетелдік туристердің кіруіне тыйым салынған. Австралиялықтардың өзі елді тек белгілі себептермен ғана тастап шығуына рұқсат етілген. Қарашадан бастап бұл шектеуді жеңілдету қарастырылған. Австралияда 2019 жылы туризмнен түскен кірістің көлемі 33 миллиард долларға жеткен.