Қазақстан • 05 Қазан, 2021

Көмір тасымалын бақылайтын топ құрылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «ҚТЖ «Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов «Самұрық-Қазына» АҚ алаңында онлайн өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Egemen.kz

Көмір тасымалын бақылайтын топ құрылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппаратында көмір тасымалдау жөніндегі жедел штаб пен жол бөлімшелерінде жедел топтар жұмысын қайта жандандырды. Олар апта сайын көмір тасымалдаушы мекеме өкілдерінің қатысуымен штаб отырысын өткізеді. Онда көмір тасымалдау мәселелері қаралады, жүк вагондарының кешігу себебі анықталып, шұғыл шешім қабылданады.

Сонымен қатар, биыл темір жол бөлімшелерінде мониторинг тобы құрылған.