Коронавирус • 06 Қазан, 2021

Коронавирустың дельта штаммы 192 елге тарады

92 рет көрсетілді

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ұйымға 192 елден «Дельта» штаммын жұқтыру туралы хабарлама келген. Ал алдыңғы аптада тек 187 мемлекетте болған.

Дельта штаммы 2020 жылдың қазан айында Үндістанда табылған еді.

ДДСҰ 5 қазандағы жағдай бойынша әлемде пандемия басталғаннан бері 235 175 106 адам коронавирус жұқтырғанын,  4 806 841 адам көз жұмғанын мәлімдеді.

Инфекция АҚШ-та ең көп таралған. Мұнда 43 401 318 адам коронавирусқа шалдыққан. Үндістан (33 853 048), Бразилия (21 468 121), Ұлыбритания (7 934 940) және Ресейде (7 637 427) де жағдай мәз емес.

Соңғы жаңалықтар

Шекараны бүкіл ел қорғайды

Қоғам • Бүгін, 16:43

Доллар бағамы қайта өсті

Қаржы • Бүгін, 15:53

Ұқсас жаңалықтар