Қазақстан • 06 Қазан, 2021

Мәулен Әшімбаев дін көшбасшыларын күш біріктіруге шақырды

348 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын Ауғанстандағы тұрақтылыққа қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев дін көшбасшыларын күш біріктіруге шақырды

«Азаматтардың құқықтарын қорғау, Ауғанстандағы діндарлардың құқықтарын қорғау мәселелері, әсіресе жақын орналасқан елдер үшін өте маңызды. Біз - Орталық Азия елдері - Ауғанстанмен шекараласпыз. Сондықтан бүгін бұл мәселе талқылануда. Біз Ауғанстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көршілерімізбен, халықаралық ұйымдармен жұмыс істейміз. Сондай-ақ елдегі ықтимал гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін. Бұл өте күрделі әрі өткір мәселе, сондықтан бұл жерде күш-жігерді біріктіру қажет», деді Мәулен Әшімбаев Съезд Хатшылығының XIX отырысында.

Ол Қазақстанның осы мәселеде барлық мүдделі елдермен жемісті және өнімді ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

«Қазақстан халықаралық ұйымдармен, дінаралық ұйымдармен және басқа елдермен күш-жігерін біріктіруге мүдделі. Ерте ме, кеш пе Ауғанстан терроризмнен, экстремизмнен, есірткіден азат тәуелсіз елге айналуы үшін белсенді жұмыс істеу керек», деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдеріне Ауғанстанның Жаңа биліктерімен бейресми диалогты бастауды ұсынған болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, жақын арада еліміз өткір азық-түлік дағдарысына тап болуы мүмкін және бұл халықтың мәжбүрлі көшіп кетуіне байланысты жаһандық ауқымға ие болады.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XIX отырысы өтуде. Қазақстан елордасына түрлі елдерден халықаралық және діни ұйымдардың өкілдері келді. Отырыста 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық талқылануда.

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55