Футбол • 06 Қазан, 2021

Футболдан әлем біріншілігі: Қазақстан құрамасының ойыншылары бекітілді

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық футболшылар 2022 жылғы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Нұр-Сұлтанда екі ойын өткізетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболдан әлем біріншілігі: Қазақстан құрамасының ойыншылары бекітілді

9 қазанда «Астана Аренада» Босния және Герцеговина құрамаларымен кездесу өткізеді. Ал 12 қазанда фин футболшыларымен арада ойын өтеді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов осы екі кездесуде алаңға шығатын ойыншылардың тізімін жариялады.

Қақпашылар:
Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Мұхамеджан Сейсен.

Қорғаушылар:
Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Сағадат Тұрсынбай, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Мақсат Тайкенов, Дмитрий Шомко.

Жартылай қорғаушылар:
Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Рамазан Оразов, Бахтияр Зайнутдинов, Сұлтанбек Астанов.

Шабуылдаушылар:
Оралхан Өміртаев, Айбар Жақсылықов, Алексей Щеткин, Роман Мұртазаев.

Қазақстан - Босния және Герцеговина (9 қазан, басталуы 19:00)
Қазақстан - Финляндия (12 қазан, басталуы 20:00)