Бүгін «Көркем гимнастика спорт кешенінде» жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылып, командалар сап түзеді.
Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыста еліміздің барлық өңірінен 330-дан аса спортшы жекелей және топтық сайыс бойынша бақ сынайды.
Сайыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші Наталья Мамашева.
«Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді», деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.