«ҚР БҒМ «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК-мен биоалуантүрлілікті сақтау үшін Қазақстанның сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің биобанкін құру мәселесі пысықталуда», деді Д.Тұрғамбаев.
Сонымен қатар Ресейдің Табиғи ресурстар және экология министрлігі мен Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арасында киіктің трансшекаралық таралымдарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнінде келісімге қол қойылған.