Хоккей • 06 Қазан, 2021

«Барыс» «Авангардты» ұтты

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турында Нұр-Сұлтанның «Барысы» Омбының «Авангардын» қабылдады.

«Барыс» «Авангардты» ұтты

Біраз уақыттан бері жеңілістен бас көтермей, жарыс кестесіндегі жағдайын әбден қиындатып алған жерлестерімізге бұл жолы жеңіс ауадай қажеті еді. Сол мақсатқа қол жеткізу үшін олар осы жолы барын салды. Бірақ «Авангардтың» ойыншылары да оңайлықпен беріле қоймайтынын әу баста-ақ аңғартып, қатты қарсылық көрсетті. Нәтижесінде қос команда ұзақ уақыт бойы бір-бірін ала алмады. Бірінші және екінші кезеңде олар әбден арпалысты. Бірақ есеп ашылған жоқ. Тек кездесудің 54-минутында Никита Михайлис қарсыластар қақпасынан саңлау тапты – 1:0. Ал одан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Осылайша, қатарынан үш бәсекеде жеңіліс тапқан елордалық хоккейшілер осы матчта өз жанкүйерлерін бір қуантып тастады.