Қазақстан • 07 Қазан, 2021

4,8 мыңнан аса жүк вагоны күрделі жөндеуден өтті

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазтеміртранс» АҚ-ның 4,8 мыңнан астам вагоны жоспарлы жөндеуден өтті. Бұл ретте күрделі салымдар жоспары бойынша вагондарды жөндеу көлемі 117%-ды құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 34 вагонға артық. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 9% көп вагон күрделі жөнделген.

4,8 мыңнан аса жүк вагоны күрделі жөндеуден өтті

Биыл тамыз айында «Қазтемір­транс» АҚ вагондар паркі 42 мыңнан астам вагонды құраса, орташа тозу 54%-дан асты.

Жүк жөнелтушілерді жарамды жылжымалы құраммен қам­тамасыз ету үшін осы жылы жүк вагон­дарының паркі жартылай вагон­дарды лизингке сатып алу есебінен толықтырылады. Тамыз айының соңында 850 ашық вагон сатып алынды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы 150 вагон жеткізілді.

2020 жылдың қаңтарынан бас­тап «Қазтеміртранс» АҚ жүк ва­гон­дарын жөндеудің жос­­пар­лы түрлерін жасалған шарт­­қа сәйкес сервистік компа­ния жүр­гізеді. Компания үшін вагон­дарды жөндеу бейінді қыз­мет емес екендігіне қара­мас­тан, осы саланы қатаң талдау және бақылау жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, «Қаз­теміртранс» АҚ – «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ 100% еншілес компаниясы. Елі­міз­дегі жүк вагон паркінің ірі опе­раторы тасымалдауды ұйым­дастыру процесін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді.