07 Қазан, 2021

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері әлем чемпионатын бастайды

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін грек-рим күресі шеберлерінің бәсекесі басталады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері әлем чемпионатын бастайды

7 қазан отандық жанкүйерлер Хорлан Жақанша (55 келі), Қаһарман Қисметов (72 келі), Тамерлан Шадукаев (77 келі) және Мақсат Ережеповке жанкүйер болады. 

Жұма күні 60, 97 және 130 келідегі балуандар сынға түссе, жарыстың соңғы күнінде, сенбіде 63, 67 және 87 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар өзара мықтыны анықтайды. 

Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей:

55 келі: Қорлан Жақанша
60 келі: Айдос Сұлтанғали
63 келі: Сұлтан Асетұлы
67 келі: Алмат Кебіспаев
72 келі: Қаһарман Қисметов
77 келі: Тамерлан Шадукаев
82 келі: Мақсат Ережепов
87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов
97 келі: Ерұлан Ысқақов
130 келі: Әлімхан Сыздықов