Әлем • 07 Қазан, 2021

Ауғандар паспорт беру бөлімшесін басып алды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мыңдаған ауған паспорт пен басқа құжаттар беретін бөлімшені басып алды, деп жазады Egemen.kz.

Ауғандар паспорт беру бөлімшесін басып алды

«Талибан» Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін паспорт бөлімшелері жұмысын тоқтатқан. Халық қажет құжат ала алмай қалған. Соған наразы болған жұрт бөлімшені басып алды.

Ауғанстан Ішкі істер министрлігі паспорт бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алама Гул Хаккани күн сайын бес-алты мың жеке куәлік берілетінін айтты.

Бұған дейін департамент өкілдері барлық қызметкердің жұмысқа қайта кірісуге шақырылғанын хабарлаған болатын.