Елорда • 07 Қазан, 2021

Алдағы күндері елордада Павлодар облысы жәрмеңке өткізеді

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 және 10 қазанда елордадағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Павлодар облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері елордада Павлодар облысы жәрмеңке өткізеді

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыстың ауылдық жерлерінің тауар өндірушілері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысады. Аталған өңір елордаға 200 млн теңгеден астам сомаға 520 тонна өнім, оның ішінде ет, ет-сүт, бакалея өнімдері, картоп, көкөніс әкеледі. Павлодарлық кәсіпорындар Нұр-Сұлтан тұрғындарына өндірушілер бағасы бойынша азық-түліктің кеңейтілген ассортиментін ұсынады.

Картоп, қырыққабат, сәбіз – «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Тимур», «Андас», «Маяк», «Заря» шаруа қожалықтары, ет - «Галицкое» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Табыс» ШҚ, «Луганск» ӨК, «Ақжар-Өндіріс» ЖШС. Брендтері республика бойынша және одан тыс жерлерде танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сүт» АҚ, «МолКом Павлодар» ЖШС, «Крендель» ЖШС кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңке санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада осы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.