11 Ақпан, 2014

Кеңестің кезекті отырысы

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Б.Ә.Бекназаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста судьяға үміткерлермен тағылымдаманы өту мәселелері, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының 2013 жылғы жұмысының нәтижелері және сот жүйесінің басқа ұйымдастыру-кадрлық мәселелері қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды және ұсынымдары берілді.

Қазақстан Республикасының Президенті

Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.