Әдебиет • 07 Қазан, 2021

«Ер Төстік» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«2021 Балалар әдебиеті жылына» орай ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер шығармаларына арналған «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп жазады Egemen.kz.

«Ер Төстік» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана «2021 Балалар әдебиеті жылына» орай балалар мен жасөспірімдер шығармалары үшін «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауын жариялаған болатын.

Байқау 2021 жылдың 2 тамызы мен 2 қазаны аралығында өтті. Барлығы 90 автордың жұмысы тіркелген.

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханасында «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауының қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздары марапатталды.

Марапаттау рәсімі бірнеше номинация бойынша өтті: проза, ертегі, балаларға арналған өлеңдер және үздік иллюстрация.

Әдеби байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын талантты қаламгерлерді анықтау, лайықты марапаттау, қазақ балалар әдебиетін қолдау және дамыту.