Қоғам • 07 Қазан, 2021

Жаза қатаң болса да, браконьерлік тыйылар емес

351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде жыл басынан бері 800-ден астам табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталған. Бұл жөнінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Данияр Тұрғамбаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Жаза қатаң болса да, браконьерлік тыйылар емес

Министрліктің­ Орман ша­р­­уа­­­­шылығы және жануар­лар дү­ниесі комитеті ­төра­ға­сы­ның орынбасары Данияр Ға­лым­ұлы­ның айтуынша, жыл басынан бері ко­ми­теттің аумақтық бөлім­ше­лерінің инспекторлары мен қорықшылар 1700-ден астам рейд ұйымдастырып, 441 тексеру жүргізген.

«Осындай іс-шаралардың нәтижесінде табиғат қорғау заңын бұзуға қатысты 820 факті анықталып, 800-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тар­тылды. Салынған әкімшілік айып­пұл сомасы 8 млн теңгеден асады. Ал өндірілген айыппұл көлемі 6 млн теңгеден астам», деді спикер.

Брифингте браконьерлікпен күрес шаралары туралы кеңінен мағ­лұмат берген Д.Тұр­ғам­ба­ев ақбөкендерді қорғау мәсе­лесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, тұрақты қор­ғ­а­удың арқасында бүгінде ақбө­кен­дер­дің саны 842 мыңға жеткен.

«Жануарлардың сирек кез­де­­се­тін және жойылып бара жатқан түрлерін, оның ішін­­де киіктерді қорғауды «Охот­зоопром» ӨБ» РМҚК жалпы ауданы 123 млн га бо­ла­тын 12 об­лыс­тың аума­ғын­да жүзеге асы­рып келеді. Мекемеде бү­гінде 430 инспектор жұмыс істейді. Олар жүріп өту мүм­кін­дігі жо­ға­ры 152 жол тал­ға­майтын кө­лікпен қам­та­ма­сыз етілген», деді ол.

2019 жылы қайғылы оқиға кезінде үш инспектордың қаза тапқаны есімізде. Осы оқи­ға­дан кейін Мемлекет бас­шысы браконьерлікпен кү­рес бойынша түбегейлі әрі ке­йін­ге қалдыруға болмайтын шараларды қабылдауды тап­сырған болатын. Осыған орай, өткен жылы қаңтарда «Қа­зақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне қыл­мыс­­тық, қылмыстық іс жүргізу заң­на­масын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне еніп, жаза қатайтылды. Мәселен, қыл­­мыстық теріс қылықтар қыл­мысқа ауыстырылып, кінә­лілер 10 жылға дейін бас бос­тан­дығынан айырылады.

Сонымен қатар браконьер­лік­ті дер кезінде анықтау және жолын кесу мақсатында жыл сайын ЭГТРМ, ІІМ мен ҰҚК-нің бірлескен бұйрығымен көктемгі және қысқы кезеңдерде кең ауқым­ды «Киік» табиғат қор­ғау акциясын өткізу жос­па­­ры бекітілген. Акция аясын­да ел аумағындағы жаба­йы фау­наның басқа да түр­ле­рін өткізуге және сатып алуға ма­ман­­данған қылмыстық топ­­тар әшкереленген. Жыл ба­сы­нан бері инспекторлар киік браконьерлігіне қатыс­ты 56 фактіні анықтап, 4077 мүйіз және 141 киіктің ұша­сын тәр­кі­леген. Алайда Д.Тұр­ғам­баевтың айтуынша, қабыл­да­нып жатқан шараларға, қыл­мыстық жауапкершіліктің қа­таңдағанына қарамастан, елі­міз­де браконьерлік тыйылмай тұр.

Браконьерлермен күресте ІІМ-мен бірге арнайы іс-қимыл алго­ритмінің әзірленгенін айт­қан спикер алдағы уақытта жан­уарлар дүниесін қорғау, есеп­ке алу және мониторинг жүргізу кезінде пилотсыз ұшу аппараттары мен GPS-тре­кер­лер­дің қолданылатынын да мә­лімдеді. Мәселен, «Охот­зоопром» ӨБ РМҚК мате­риалдық-техникалық базасын жаңарту кезінде инспекторларды бейнетіркеу жүйелерімен жарақтандыру, қорықшыларды қор­ғаныш кеудешелер, кісендер, арнайы резеңке таяқтар, көлікті тоқ­татуға арналған құрыл­ғы­лар­мен қамтамасыз ету де қолға алын­ған.