Ауа райы • 08 Қазан, 2021

Жұма күнгі ауа райының қандай болатыны айтылды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 8-і күнгі күн райының болжамын жаиялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұма күнгі ауа райының қандай болатыны айтылды

Республикалық кәсіпорны таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде 8 қазанда солтүстік-батыс антициклонының әсерінен, күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында ғана қар және қар аралас жаңбыр жауады.

Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстікте - шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең оңтүстік және оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыс және орталықта тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында тұман, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз Алакөл көлдері аумағында - желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан облысының солтүстігінде, батыс және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетеді, екпіні 23 м/с болуы ықтимал, облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады. Қостанай, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20