Скандинавия түбегінде өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресі шеберлері кеше өздерінің алғашқы бәсекелерін өткізді. Төрт салмақ дәрежесі бойынша өткен сайыстар аса шиеленісті тартысқа толы болды.

Грек-рим күресі шеберлері арасындағы жарыстың алғашқы күні төрт салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтті. Бірақ бұл жолы да балуандарымыз сенім үдесінен шыға алмады. Қаһарман Қисметов (72 кило), Темірлан Шадукаев (77 кило) және Мақсат Ережепов (82 кило) тұсаукесер кездесулерінде жеңілістің кермек дәмін татты. Қаһарман Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері, литвалық Криступас Шлейваға (1:10), Темірлан Олимпиада мен әлемнің екі дүркін чемпионы, ресейлік Роман Власовқа (0:11) және Мақсат әлем чемпионатының күміс жүлдегері, швециялық Алекс Кессидиске (3:9) есе жіберді. Таблодағы есепке қарсаңыздар, жерлестеріміздің ешқайсы қарсыластарына жарытып қарсылық көрсете алмағанын аңғару қиын емес.
Қорлан Жақанша (55 кило) алғашқы айналымда біраз жылдан бері Бразилияның туы астында өнер көрсетіп жүрген қандасымыз Марат Ғариповпен күш сынасты. Бұл тартыс 9:0 есебімен Қорланның пайдасынан шешілді. Бірақ келесі кездесуде Еуропа чемпионы, әлем кубогының иегері, ресейлік Эмин Сефершаев қазақ балуанына сан соқтырып кетті.
Сөйтіп, біздің балуандарға өздері есе жіберген қарсыластарының тілеуін тілеуден басқа амалы қалмады. Егер олар ақтық сынға дейін алқынбай жетсе, жерлестерімізге жарысты одан әрі жалғастыруға мүмкіндік туындайды. Яғни, олар жұбаныш бәсекесіне қатысу құқығына ие болады. Ол жерде сүрінбесе, қола медальға да қол жеткізуге болады. Бірақ «өзгеге қараған күнің құрсын» демекші, Қисметов пен Ережеповке тізе бүктірген жігіттердің өздері де көп ұзамай жеңілістің кермек дәмін татты. Ендігі үміт – Жақанша мен Шадукаевта еді. Өйткені, олардың алдын ораған Ресейдің қос саңлағы финалға шықты.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар