Қазақстан • 08 Қазан, 2021

Әлемдегі ең қауіпсіз елдер: Қазақстан қай орында?

1307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан Numbeo қауіпсіз елдерінің рейтингісінде 137 елдің ішінде 98-орынға шықты деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі ең қауіпсіз елдер: Қазақстан қай орында?

Бұл туралы FinProm  мәлімдеді.

Елдің индексі - 46,23. Бұл рейтингте ұпай неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ел қауіпсіз болады.

Мемлекеттің индексі 20-дан төмен болған жағдайда, елдегі қауіпсіздік деңгейі өте төмен болып саналады, 20-дан 40-қа дейінгі арылық «төмен», 40-тан 60-қа дейін «орташа», 60-тан 80-ге дейін «жоғары», 80-нен жоғары «өте жоғары» дегенді білдіреді.

ТМД елдері арасында: Армения ˗ 10-орын, Әзербайжан ˗ 34-орын, Өзбекстан ˗ 37-орын, Ресей ˗ 52-орын, Молдова ˗ 76-орын, Украина ˗ 81-орын. Қырғызстан мен Беларусьтің көрсеткіші Қазақстаннан төмен екенін көруге болады.

Әлемдегі ең қауіпсіз елдердің үздік үштігіне Катар, Біріккен Араб Әмірліктері мен Тайвань еніп отыр.  Тізімінің соңында Венесуэла тұр.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері елімізде 114 мыңға жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 29 мыңы ауыр және аса ауыр санатқа жатады. Бұл көрсеткіш былтырғы деңгеймен шамалас.

Қылмыстық жағдайдың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген (18,1 мың оқиға). Қызыл аймаққа елорда, (11,6 мың құқық бұзушылық) Алматы облысы (10,8 мың құқық бұзушылық) еніп отыр.

Қылмыстық оқиға Қызылорда облысында аз тіркелген (2,5 мың оқиға).

Елде көбіне ұрлық (38,7 мың іс), алаяқтық (29 мың іс), ұсақ ұрлық (7,8 мың іс), есірткі мен психотроптық заттарды сату, заңсыз өңдеу (4 мың), жол қозғалысы ережелерін бұзу (2,3 мың жағдай) тіркелген.