Әлем • 08 Қазан, 2021

Тәліптер тойда ән салуға тыйым салды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәліптер Ауғанстандағы үйлену тойын өткізуге қатысты жаңа ереже бекітті, деп жазады Egemen.kz.

Тәліптер тойда ән салуға тыйым салды

Фото: worldnews.ru

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, мерекелік дастарқан алдында неке рәсімін өткізуге де болмайды.

Тағы бір жаңашылдық - ерлер мен әйелдер екі бөлек бөлмеде болуы керек.

Айта кеткен жөн, үйлену тойы ауған жұртында маңызды шаралардың бірі саналады. Оған жүздеген қонақ шақырылады. Тойдың өзі 3 күнге дейін жалғасады.