Теннис • 08 Қазан, 2021

Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге алғашқы айналымда аустралиялықтар Анастасия және Арина Родионовамен шеберлік байқасты. Қазақстандық-ресейлік жұп 6:3, 3:6, 10:6 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 18 минутқа созылған матч барысында Е.Рыбакина мен В.Кудерметова 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Аустралиялық жұп 3 брейкке (9 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Е.Рыбакина мен В.Кудерметова екінші айналымда чилилік Алекса Гуарачи – америкалық Дезире Кравчик немесе ұлыбританиялық Хитер Уотсон – қытайлық Сайсай Чжэн жұптарының қай жеңгенімен кездеседі. Е.Рыбакина жекелей сында екінші айналымда отандасы Юлия Путинцевамен кортқа шығады. Қай жеңгені үшінші айналымға өтеді.