Жарысқа бас-аяғы 65 спортшы жиналды. Олар енді 10 қазанға дейін өзара мықтыны анықтайды. Нәтижесінде жеңімпаз атанғандар ұлттық құрамаға алынып, халықаралық додаларда ел намысын қорғайды. Оның ішінде Париждегі паралимпиаданың іріктеу сындары да бар.
Айта кетейік, Токиодағы ойындарда ұлттық құрама сапындағы Давид Дегтярёв тарихи жеңіске жеткен еді. Ол жерлестеріміз арасынан ең алғаш болып алтын жүлде жеңіп алды. Соның арқасында қазір отандық парапауэрлифтингте үлкен дүмпу байқалады. Қатысушылар қатары артып, ішкі бәсеке күшейіп келеді.