Кәсіпқой бокс • 08 Қазан, 2021

Геннадий Головкин арнайы мәлімдеме жасады

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) рингке оралуға дайындығын бастап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Геннадий Головкин арнайы мәлімдеме жасады

Ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына – жаттықтырушысы Кристофер Камачо, ағасы Максим және проспект-суперорта салмақтағы Әли Ахмедовтің ортасында тұрған суретін жариялады. Және «Жаттығу лагеріне оралған қандай тамаша. Барлығын аман көргеніме қуаныштымын» деп жазды.

GGG-дің келесі жекпе жегі желтоқсан айының соңында Жапонияда өтеді деп күтілуде. Оның қарсыласы WBA Super нұсқасы бойынша орташа категориядағы жергілікті әлем чемпионы Риота Мурата болмақ. Бұл Головкиннің 2020 жылдың желтоқсанынан бері өткізген алғашқы жекпе-жегі болмақ.