Аймақтар • 08 Қазан, 2021

Өскеменде 12 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелген

5636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде бейнебақылау камералары арқылы 12 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелді. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен 2021 жылдың 9 айында 105 қылмыс анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Өскеменде 12 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелген

Атап айтсақ, ұрлық, бұзақылық, көлік құралдарын алкогольді ішімдік ішіп басқару және есірткі заттарын заңсыз сақтау.  Сондай-ақ камералардың көмегімен 27 ұрлық пен 34 бұзақылық және 13 тонау анықталды.

«Бейнебақылау камераларының көмегімен ұсақ бұзақылық үшін 3511 адам, ал спирттік ішімдіктер немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 2486 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзған 6014 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды», дейді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Андрей Мула.

Оның айтуынша, 9 ай ішінде Өскемен қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына қылмыстар мен оқиғалар туралы 113 904 хабарлама түскен. Тәулігіне орташа есеппен 102 арнасына азаматтардан 300-ден 430-ға дейін қоңырау түседі.

Бейнебақылау камералары негізінен азаматтар көп жиналатын орындарда, қаланың қылмыс көп болады-ау деген аумақтарында, қоғамдық орындарда, орталық қиылыстарда орнатылған.