Оқиға • 08 Қазан, 2021

Алматыда монша өртенді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуезов ауданының Достық ықшам ауданында монша өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда монша өртенді

Өрт жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап отырған балалардың аңғалдығынан тұтанған. Зардап шеккендер жоқ.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ата-ана назарынан тыс қалған екі бала жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап отырған. Біраз уақыттан кейін үйдің терезесінен балалардың әкесі түтінді көрген. Отқа оранған моншаны өз күшімен сөндіре алмаған соң ол 101 қызметіне хабарласқан.

Арада біршама уақыт өткенде құтқарушылар келіп, өртті сөндірген. Өрттің салдарынан моншаның шатыры мен оған жапсарлас құрылыс нысандары өртенген. Төтенше жағдайлар департаменті өрт балалардың аңғалдығынан шыққанын айтады. Осыған байланысты департамент ата-аналарға балаларды назардан тыс қалдырмау керектігін ескертеді.