Қоғам • 08 Қазан, 2021

Шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстанда шекарадан заңсыз өтпек болған өзбекстандықтар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары 30 қыркүйекте «Lifan» маркалы көлікпен шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 6 өзбекстандық пен Қазақстанның 1 азаматын ұстады. Олар Ресей Федерациясына өту үшін мемлекеттік шекараның өткізу пунктін айналып өтуді жоспарлаған», делінген таратылған хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты құқықтық тәртіптер қабылданбақ.