Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СИБУР Холдинг» компаниясының басқарма төрағасы Дмитрий Коновты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көмірсутегін сапалы өңдеу ісі бүгінде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Президент полипропилен және полиэтилен өндірісі жөніндегі жобаларға қатысты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуын құптады. Бұл жобаларды «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» компаниялары жүзеге асырып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған келісімді Қазақстан мен Ресейдің серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп санайды.
– Серіктестігіміздің басталғанына қуаныштымыз. Сіздер мұнай-химия кешенінің құрылысына қатысты мәселелермен бірлесіп айналысасыздар. Қазақстан Үкіметі менің тапсырмам бойынша жобаларды іске асыруға жан-жақты көмек көрсетеді. Біз іс жүзінде нақты нәтижеге қол жеткізуге тиіспіз. Жуырда өткен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумында Владимир Путин екеуміз екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастық мәселелерін мұқият зерделеуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге келістік, – деді Мемлекет басшысы.
«СИБУР Холдинг» компаниясының басшысы Дмитрий Конов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың перспективалары мен Ресейдегі біріккен ірі мұнай-газ компаниясының даму жоспары туралы айтты.
– Бүгінде Қазақстанда полипропилен өндіру жобасы бойынша жақсы база қалыптасқан. Оның құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі кезеңде кадрларды даярлауға көмектесудің тиімділігін көріп отырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды бастап та кеттік. «ҚазМұнайГаз» компаниясының 100-ге жуық қызметкері дайындықтан өтті, бұл жұмысты жалғастыра береміз, – деді Дмитрий Конов.
Оның айтуынша, «Сибур» компаниясы мұнай-газ химиясы саласындағы басқа да жобаларға қатысуға дайын.
«Қазақстан халқына» қоры 2 мыңнан аса студентке білім грантын ұсынды
Қоғам • Бүгін, 11:17
Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:54
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:47
Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті
Хоккей • Бүгін, 10:38
12 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:30
Қарағандыда автобус емхананың қоршауына соғылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар