12 Ақпан, 2014

Экспортшыларымыздың жағдайын жақсартады

387 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
«Қайнар-АКБ» ЖШС-нің ұжымы теңге бағамының төмендеуі жағдайында ұтысқа шығады. Өйткені, біз экономиканың шикізаттық емес секторында экспортшы болып табыламыз. ЖШС өзінің алдына дайын өнімді – Қазақстанда өндірілетін барлық қорғасынды аккумулятор батареяларына айналдыру туралы міндет қойды. Теңге бағамының төмендеуі «Қайнар» үшін оңтайлы жағдай қалыптастырмақ, себебі, дайын өнімнің 70 пайыздан астамы экспортқа шығарылады. С.АЖМАҒАМБЕТОВ, бас директор.  *  *  * Қазақстан валютасына енгізілген түзету өнімдері экспортқа бағдарланған «Қазақмыс» секілді ірі отандық өндірістік компаниялар үшін оң ықпал ететін болады. Инвестициялық тартымдылығы артып, сындарлы импорт алмастыру және жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдай қалыптасады. Теңге бағамын түзету бойынша қа­дам­­дар 60 мыңнан астам адам жұмыс істейтін «Қазақмыс» сияқты қазақстандық өндірісшілердің ахуалына оң әсер ететін болады. «Қазақмыс» басшылығы. *  *  * Тау-кен металлургиясы саласында аса ірі кә­сіпорын бола отырып, «АрселорМиттал Те­міртау» АҚ Ұлттық банк жүргізген АҚШ долларына қатысты теңге бағамын түзетуді қолдайды. Жаһандық қаржы дағдарысы рыноктағы жағдаймен тікелей байланысты. Сондықтан теңгенің жаңа айырбас бағамы бізге де, экспортқа бағдарланған басқа ірі өндірістік компанияларға да оң ықпал ететініне сенімдіміз. Ұлттық валютаның түзетілген айырбас бағамы біздің ғана емес, бүкіл Қазақстан экспортшыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына еш күмән жоқ. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ұжымы. *  *  * Сарыадыр көмір кен орны Ресей Федерациясына көмір өнімдерін экспорттайтын, сондай-ақ, тұрғындарға коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізушілер мен Қазақстандағы мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындарды көмірмен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Сарыадыр кен орнының ұжымы доллардың теңгеге қатысты жаңа бағамы көмір өнімдеріне және тұтастай алғанда, кәсіпорын экономикасына оң ықпал ететініне сенімді. Сарыадыр көмір кәсіпорнының ұжымы.  *  *  * «Қазфосфат» ЖШС – экспортқа бағ­дарланған кәсіпорын. Онда 6200 адам жұмыс істейді. Компания тек өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін қала құраушы кәсіпорын ғана емес, сондай-ақ, облыс бюджеті түсімінің 30 пайыздан астамын беретін аса ірі салық төлеушінің бірі болып табылады. Ал Қазақстан ұлттық валютасы бағамының төмендеуі біздің «Қазфосфат» секілді экспортқа бағ­дарланған кәсіпорын үшін өте тиімді болмақ. Өйт­кені, бәсекеге қабілеттілігіміз артады. Бұл өз кезегінде дамуға жаңа серпін қосады. Со­ны­­мен қатар, компанияның тұрып қалған зауыт­­тарының жұмысын қайта жандандыруға, ва­­люта-қаржылық жүктемесіне қысымның тө­мен­деуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, қаржы-ша­руа­шылық қызметімізде тұрақтылыққа қол жеткізілмек. «Қазфосфат» ЖШС басшылығы.     Теңге бағамына түзетулер енгізілуі нәтижесінде қазақстандық компаниялар Қазақстан аумағындағы Ресей және Қытай компанияларының агрессивті демпингтік саясатымен нарықтық күресте айтарлықтай резервтер алады. Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне оптимистік тұрғыдан қарауына да мүмкіндік береді. Өйткені, қазақстандық компаниялар бұрынғыға қарағанда анағұрлым бәсекеге қабілетті бола түседі. Эдуард Л.КРАЙМЕР, KSP Steel компаниясының бас директоры.    *  *  * Қазақстан ұлттық валютасы бағамын төмендету Қазақстан экономикасын әлемдік дағдарыстан қорғайтын және отандық өндірушілердің экономикалық өсімге қол жеткізуін қолдайтын шара болып табылады. Мәселен, Ресей банкі де мұндай қадамға бірнеше мәрте барды. Енді «Казцинкті» қоса алғанда, қазақстандық көптеген кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі артады деп пайымдаймыз. Сонымен қатар, импорт көлемі азайса, бұл импорт алмастыру саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Мұның ел бюджеті үшін де тиімділік әкелетіні сөзсіз. Осы қатарда біздің компанияға да өзінің қызметкерлері мен әріптестері, мемлекет алдындағы міндеттемелерін толық орындауға, компанияның болашағы тікелей байланысы барлық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай туғызады. Бұл шараның басты артықшылығы, біздің пікірімізше, мемлекеттің алтын-валюта резервін сақтау болып табылады. Ал алтын-валюта қоры – ел тұрақтылығы мен оның одан әрі орнықты дамуының кепілі. «Казцинк» ЖШС-нің ұжымы.     *  *  * Ет пен сүт өнімдерін өндіретін Қазақстандағы аса ірі компаниялардың бірі – «Рубиком» ЖШС-нің ұжымы теңге бағамының АҚШ долларына қатысты түзетілуі отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуы тиіс деп есептейді. Мұның экспортшылармен қатар, импорт алмастырушы өнім өндіретіндерге де тікелей қатысы бар. «Бұл біздің нақ Кеден одағы шеңберінде, оның ішінде Ресей рыногында  өзіміздің шебімізді күшейтуге мүмкіндік береді деп есептейміз, – дейді кәсіпорын директоры Ирина Турыгина. – Әрине, әзірше бізге нақты сандар туралы айту қиын, алайда мен Ұлттық банктің шешімінен кейін біздің экспорттың көлемі кем дегенде 10 пайызға артады деп отырмыз. Себебі, өзімізді ресейлік бәсекелестерімізге қатысты сенімдірек сезінетін боламыз». Бұған қоса, кәсіпорын басшысы қазіргі дүниеде Қазақстан экономикасы сыртқы рыноктарға, оның ішінде Ресей де бар, өте тәуелді екенін атап көрсетті. Осы тұрғыдан алғанда, Ұлттық банктің іс-әрекеті түсіністікпен қабылдауға әбден тұрарлық қадам. Екатерина БЕСКОРСКАЯ. ПАВЛОДАР.