Аймақтар • 10 Қазан, 2021

Шымкенттегі Д. Қонаев даңғылының құрылысы уақытынан бұрын аяқталды

699 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Д.Қонаев даңғылы көлік қозғалысына ашылды. Нысанның құрылысы мерзімінен 1 жылға қысқарып, пайдалануға беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттегі Д. Қонаев даңғылының құрылысы уақытынан бұрын аяқталды

Аптаның әр сенбісін құрылыс нысандарын қадағалауға арнаған Мұрат Әйтенов, Рысқұлов-Қонаев   жолайрық құрылысының біткен жұмыстарын тағы бір пысықтап өтті. 

Көлік кептелісі – қала тіршілігінің ырғағы мен экономикасына тікелей әсерін атап өткен қала басшысы Д.Қонаев даңғылы құрылыс мерзімін барынша қысқартудың маңыздылығына да тоқталды. 

«Ірі жолайрық салу – үлкен қалаларға тән құбылыс. Бұл нысан құрылысы барысында көптеген қиындықтар болды. Инженерлік жүйелері, яғни, су, газ, электр жарығы, байланыс желілері ауыстырылды. Құрылыс маңындағы көшелерде көлік өткізгіштігі шектен асып, кептелістер орын алып жатты. Бұл әрине тұрғындарға қолайсыздық туғызды. Мерзімінен ерте аяқтау себебіміз де осы. Жалпы қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында кезең-кезеңімен осы сынды 5 жолайрық салынатын болады», деді М. Әйтенов. 

вв

Бүгінгі ашылған Д.Қонаев даңғылының ашық тоннель арқылы жер асты өту бөлігінде алдағы уақытта жаяу жүргіншілер жолы салынатынын болады. Қала басшысы жаяу жүргіншілер жолы жобада қарастырылмағанмен оны салу қажет екенін атап өтті. 

Сонымен бірге әкім қазан айының 25-не дейін Т. Рысқұлов көшесінің бір тарапы, екінші бөлігі қараша айының соңында пайдалануға берілетінін жеткізді. 

Нысан құрылысына жауапты мердігер - Bazis Construction ЖШС-гі. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша - 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша - 684,7 м. Жолдың ені - 45 метр. 

Жалпы жол айрықтың көлік өткізгіштігі тәулігіне 141 720  құрайтын болады. Осылайша қаладағы көліктер тығыны едәуір азаятын болады.