Әлем • 10 Қазан, 2021

Нигериядағы қарулы шабуыл кезінде 20 адам қаза тапты

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сокото уәлаятындағы бір базарға жасалған қарулы шабуылда 35 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нигериядағы қарулы шабуыл кезінде 20 адам қаза тапты

Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда белгісіз қарулы  топ Сокото уәлаятына қарасты Сабон Бирни аумағындағы базарлардың біріне басып кірген. Олар айналаға оқ жаудырған.

Қарулы топтың шабуылынан 20 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды.