Қоғам • 11 Қазан, 2021

12 қазанда Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері басталады

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қазан күні Нұр-Сұлтанда Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 қазанда Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері басталады

Атап айтқанда, 12 қазан күні сағат 19:00-де «Qazaqstan» Орталық концерт залының сахнасында жетекші ресейлік орындаушылар мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

Концертке халықаралық байқаулардың лауреаттары Анна Аглатова (сопрано), Владислав Куприянов (баритон), Владимир Магомадов (контратенор), Константин Емельянов (фортепиано), Александр Рамм (виолончель), Гайк Казазян (скрипка), Анастасия Тюрина (балалайка) қатысады. Сонымен қатар қазақ әншілері өнер көрсетеді. Дирижер пультінде – Осетия Республикасы – Аланияның еңбек сіңірген әртісі Заурбек Гугкаев.

12-19 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Вологодск мемлекеттік тарихи-сәулет және өнер мұражай-қорығының жинақтары ұсынылатын «Вологодск шілтері» жылжымалы көрмесі өтпек. Көрменің ресми ашылуы – 12 қазан, сағат 16:00-де (ҚР Ұлттық мұражайы).

Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Шараны ұйымдастырушы – «Росконцерт» Федералды мәдениет мекемесі.

Мәдениет күндері Ресей мен Қазақстанның мәдениет саласындағы дәстүрлі достық ынтымақтастығын нығайту мен дамытуға бағытталған, сонымен қатар шынайы құндылықтар мен мәдени мұраларды одан әрі сақтауға ықпалдасуға шақырады.