Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 29-шы, осы жарыстың 24-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Бірінші партияда латвиялық теннисші басымдық көрсетті – 6:3.
Екіншісінде Путинцева есе қайырды – 6:2. Үшінші, шешуші сетті Остапенко жеңіспен аяқтады – 6:3. Екі сағатқа жуықтаған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Қарсыласы 3 эйс, 6 брейкке (12 брейк-пойнт) қол жеткізді, Е.Остапенко ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен таласады.