Әлем • 11 Қазан, 2021

Вакцина алмаған Бразилия президенті футбол матчына кіре алмады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилия президенті Джейр Болсонар коронавирусқа қарсы екпе алғаны туралы куәлігі болмағаны үшін футбол матчына жіберілген жоқ. Бұл туралы ел президенті журналистерге айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцина алмаған Бразилия президенті футбол матчына кіре алмады

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

Болсонардың айтуынша, ол «Сантос» ойынын көргісі келген, бірақ одан вакцинация алғанын дәлелдейтін құжат талап еткен.

«Егу картасы, төлқұжат неліктен қажет? Мендегі антидене мөлшері вакцина алғандардан көбірек», дейді ол.

Бразилия президенті 2020 жылдың шілдесінде COVID-19 инфекциясымен ауырған. Бүгінге дейін ол екпе алмаған. Сол сияқты ол Нью-Йорктегі мейрамханалардың біріне екпе алмағаны үшін кіре алмаған.

Айта кетейік, бірер апта бұрын Бразилияда мыңдаған адамның қатысуымен ел президентіне қарсы шеру өткен. Шеруге қатысушылар президенттің пандемиямен күрестегі сылбырлығына шағымын білдірген.